Ссылки доступа

Сарымсақ, лимон және әдіраспан: Тәжікстан тұрғындары коронавирустан халық емімен сақтануды жөн көреді (видео)


Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ деп отыр, бірақ ресми мәліметке сенбейтін тұрғындар сарымсақ, лимон және әдіраспан сатып алып жатыр.

Тәжікстан базарларында сарымсақ пен лимонға сұраныс жоғары болғандықтан, бағасы үш есеге көтерілген. Сарымсақтың бір келісі 11 доллар, ал лимонның бір данасы 3 доллар тұрады. Әдіраспан да екі есе қымбаттаған.

В Таджикистане скупают лимоны и чеснок: люди верят, что они защитят от коронавируса
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

Сұраныстың артуына қуанған саудагерлер де сарымсақ пен лимонның пайдасы туралы айтудан шаршамайды. Бірақ базарда сарымсақ аз. Оны Қытайдан жеткізетін, қазір шекара жабық тұр. Лимон маусымы да аяқталуға жақын, келесі маусым күзде басталады.

Әдіраспанды Душанбе орталық базарының сауда залында түтіндетіп жүргендер бар. Әдіраспан түтіні вирустар мен микробтарды өлтіреді дейді. Тәжікстан тауларында әдіраспан көп.

Таджикистан празднует Навруз и молится в мечетях: коронавируса в стране официально нет
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

XS
SM
MD
LG