Онда коронавирус індетін жұқтырған не болмаса карантинде жатқан адамдардың абыройын түсіріп, ар-ожданына нұқсан келтіріп, жеке өмірі жайлы мәлімет таратқандарға 9 млн сумға (930 доллар) дейін айыппұл салынатыны ескертілген.
Бұл ескертпені қайта бұзғандар 22,3 миллион сум (2330 доллар) төлейтін болады немесе 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Одан бас тартса, екі жылға дейін түзеу колониясына жіберіледі.
Егер науқастың жеке өмірі жайлы мәлімет таратып, оның өміріне қауіп төндіретін болса, 44,6 миллион сумға (4660 доллар) дейін айыппұл төлейді. Болмаса 360 сағат қоғамдық жұмысқа немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Өзбекстанда коронавирус індетінен төртінші адам қайтыс болды. 59 жастағы Ферғана облысының тұрғыны наурыз айында Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барған.
Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда індет жұқтырғанардың саны 833-ке жетті.