Ссылки доступа

Өзбек билігі кәсіпкерлерді қайырымдылық көсетуге мәжбүрлеп жатыр


Өзбекстанда карантин кезінде кәсіпкерлер "ықтиярлы мәжбүрлеу" тәртібінде мұқтаждарға қайырымдылық көрсетіп жатыр.

Бұхара облысындағы саудагерлердің бірі жергілікті билік өкілдері одан жәрдем сұрағанын, бас тартқан жағдайда проблема туындауы мүмкін екенін ескерткенін айтады.

"Мұқтаждарға жәрдем беруге мәжбүрлеп жатыр. Мен көмек көрсету орталығына 20 қап ұн, 5 қап күріш, 5 қап шекер және бір қорап өсімдік майын жеткізіп бердім", - дейді кәсіпкер.

Мемлекеттік салық комитетінің Жызақ облыстық басқармасының қызметкері болса қайырымдылық мақсатында жеті күннің жалақысын ұстап қалып жатқанын айтады:

− Тұрмысы төмен отбасыларға бір апталық айлығымызды аударуды талап етті. Қызметкерлердің көбі отбасын жалғыз асырайды. Олар бір апталық айлығынан қағылды.

Өзбек билігі болса карантин кезінде азаматтардың өз қалауымен көмек беріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG