Әлемдегі смартфон нарығының шамамен 99 пайызына бақылау орнатқан екі ірі компания телефон иелерін коронавирус жұқтырған адаммен байланыс орнатқанын ескертетін технология әзірлеп жатыр. Өткен аптада технологияның алғашқы нұсқасы сынақтан өткен.
4 мамырда компаниялар мұндай технология коронавирус жұқтырғандарды геолокациямен аңдуға жол бермейтінін мәлімдеді. Осылайша олар телефон иелерінің құқығын үкіметтен де қорғауды көздеп отыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Коронавирусқа қатысты бірнеше мобильді қосымша әзірлеп жатқан мамандардың айтуынша, жаңа технология вирустың қалай таралып жатқаны мен эпидемия ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Науқас коронавирус жұқтырғанын телефонға өзі белгілеуі керек, сол кезде олардың телефондары вирус жұқтырған адамның кімдермен байланыста болғанын анықтай бастайды.