Ссылки доступа

Дауылдан зардап шеккен Түркіменстанның президенті Өзбекстанға көмектескісі келеді


6 мая состоялся телефонный разговор между президентом Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедовым и президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиеевым. 
6 мая состоялся телефонный разговор между президентом Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедовым и президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиеевым. 

Жойқын дауылдан бірнеше аймағы қатты зардап шеккен Түркіменстанның президенті Өзбекстанның су басқан аймақтарына көмектесетінін мәлімдеді.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 6 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлескен.

"Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов көрші елдің су басқан аймақтарына көмектескісі келетінін айтты" деп хабарлады Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары.

Өзбекстанның Сырдария облысында 1 мамырда Сардоба бөгеті жарылып, жақын маңдағы бірнеше ауылды су басты. Шамамен 70 мың адам басқа жерге көшірілді. Бөгеттен аққан су Қазақстандағы бес ауылды басып қалды.

Ресми мәліметте президенттердің телефонмен әңгімелесуі өзбек тарапының бастамасымен болғаны айтылған, бірақ Өзбекстан президентінің түркімен басшысының ұсынысын қабыл алған-алмағаны белгісіз.

27 сәуірде жойқын дауыл Түркіменстанның бірнеше аймағындағы үйлерді қиратып кетті. Табиғат апатынан бірнеше адам қаза тапқан.

Түркіменстан билігі дауыл туралы мәлімет бермеді, тұрғындарға апат салдары туралы айтуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG