Ссылки доступа

Тәжікстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 106 адам анықталып, алты науқас қайтыс болды


Как хоронят в Таджикистане умерших от коронавируса
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

Как хоронят в Таджикистане умерших от коронавируса

Тәжікстанда бір күнде коронавирус ауруын жұқтырған 106 адам анықталып, алты науқас қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәліметінше, елде 907 адам коронавирус жұқтырған.

Осылайша Тәжікстанда 29 адам коронавирус індетінен көз жұмды.

Бұл уақытта, азаматтардың дені ресми статистикаға күмәнмен қарап отыр. Душанбе тұрғындары дайындаған тізімде коронавирус пен пневмониядан 200-ден астам адам қайтыс болғаны көрсетілді. Әлеуметтік желі қолданушылары туыстарының, достарының және таныстарының коронавирустан көз жұмғанын жазып жатыр.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырда хабарлауынша, медициналық мекемелерінде 4299 адам жатыр, бір тәулікте 403 адам ауруханадан шыққан. Алайда бұл қауқастардың ауруханаға қандай диагнозбен түскені әзірге белгісіз.

Тәжікстан билігі елде коронавирус тіркелгенін 30 сәуірде ғана жариялады.

Республикада дәрігерлердің қорғаныс киімдері мен дәрі-жетіспейтіні туралы хабарланды. Билік мұндай мәліметті жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG