Ссылки доступа

Түркіменстанда биыл мектептерде соңғы қоңырау жиыны өтпейді


Ашғабад мектептерінде түлектердің оқу бітіру құрметіне орай ұйымдастырылатын соңғы қоңырау жиыны өтпейді.

Түркіменстан билігі коронавирус пандемиясы кезінде қабылданған бұл шешімнің себебін түсіндірмеді. Билік елде коронавирус тіркелген жоқ деп отыр.

Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, соңғы қоңырау жиынын өткізбеу туралы шешім 20 мамырда қалалық білім департаментінің жиналысында айтылған.

"Бүгін білім басқармасында жиналыс болды. Басқарма 25 мамырда таңертең әдеттегі жиыннан соң оқушыларға сабақ өткізіп, одан соң үйге қайтаруды тапсырды. Салтанатты жиын мен мерекелік серуен болмайды", - деп хабарлады тілші.

Бұл уақытта Түркіменстанда мемлекет қызметкерлері емханаларда міндетті тексеруден өтіп жүр. Олар мұндай қызмет ақысын өз қалтасынан төлейді. Үкімет сәуір айынан бастап халықты жаппай тексеру науқаны басталғанын жариялаған. Тексеру нәтижелері жарияланбады.

XS
SM
MD
LG