Ссылки доступа

Қазақстанда COVID-19 вирусы анықталғандар саны 7 600-ге жақындады


Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 363 адам анықталды, оның 130-ы Қарағанды облысында тіркелген. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған.

Бір күнде өсім 5 пайызды құраған. Бұл туралы 22 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қарағанды облысы - 130, Нұр-Сұлтан қаласы - 54, Алматы қаласы - 35, Шымкент қаласы - 31, Атырау облысы - 25, Алматы облысы - 24, Түркістан облысы - 20, Ақтөбе облысы - 9, Қызылорда облысы - 9, Батыс Қазақстан облысы - 8, Ақмола облысы - 7, Жамбыл облысы - 7, Қостанай облысы - 3, Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Бір күнде 109 адам жазылған.

13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 7597 адам жетті. 3843 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 5,1 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 330 мыңнан асты. 2 миллионға жуық адам жазылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді.

XS
SM
MD
LG