Ссылки доступа

Тәжік мигранты Ресейде жетімсіреп қалған балаларына оралды


Тәжік мигранты Дилшод Нурматов Ресейде әйелі қайтыс болғаннан кейін, шекара жабық болғанына қарамастан Мәскеуге ұшты.

Тәжік билігінің хабарлауынша, ресейлік тараппен келісіп, 19 мамырда Мәскеуге ұшуына мүмкіндік жасаған.

Дилшод Нурматовтың әйелі Гулшан 5 мамырда қайтыс болған. Оны Мәскеу түбіндегі зиратқа жерлеген. Артында төрт баласы қалды. Кенжесінің дүниеге келгеніне небәрі 20 күн болған.

Дилшод Нурматовтың өзі наурыз ауының ортасында ата-анасын көріп қайту үшін, Тәжікстанға барған. Бірақ кері Ресейге қайтар кезде, шекара жабылып, елінде қалып қойған.

Ол көп жылдан бері Ресейде жүргізуші болып жұмыс істейді. Әйелі үй шаруасында, балаларына қараған. Бір жыл бұрын әйеліне суық тиіп, бүйрегі ауыра бастаған. Көктемде індеті асқынып, көз жұмған.

Ресейдің ресми мәліметі бойынша, елінде 1 миллионға жуық тәжік мигранты жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG