Ссылки доступа

Саудиялық журналист Жамал Хашоггидің ұлдары әкесін өлтіргендерді кешірді


Saudi Arabia Writer Killed
Saudi Arabia Writer Killed

2018 жылдың күзінде Түркияда қаза болған Жамал Хашоггидің ұлдары әкесін өлтіргендерді кешірген. Бұл жөнінде отбасы атынан ұлы Салах твиттер парақшасына жазды.

Ол "Рамазан айының қасиетті Қадыр түнінде Жамал Хашоггидің ұлдары әкемізді өлтіргендерді кешіреді" деп жазды.

The Washington Post газетінің колумнисі Жамал Хашогги 2018 жылдың қазан айында Стамбұлдағы Сауд Арабиясы елшілігі аумағында өлтірілді.

Хашогги Эр-Рияд саясатын, атап айтқанда елдің тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды ашық сынап келген. Тақ мұрагерінің бұрынғы көмекшісі журналисті өлтірді деген басты күдіктілердің бірі.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы былтыр марқұмның ісі бойынша жабық есік жағдайында өткен сот отырысын халықаралық талаптарға сәйкес келмеді деп атады.

Былтыр 23 желтоқсанда Сауд Арабиясының прокуратурсы журналист Жамал Хашоггидің өліміне айыпты деп танылған бес адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Тағы үш адам түрме жазасына кесілген. Жауапқа тартылғандардың есімі жарияланбады.

Түркия болса, биыл наурыз айының соңында Хашогги өліміне байланысты 20 күдіктіге айып тақты. Сот отырысы әлі басталмады.

XS
SM
MD
LG