Ссылки доступа

БАҚ: АҚШ пен Ресей ядролық арсеналын шектеу туралы сөйлеседі


АҚШ пен Ресейдің өкілдері жақын уақытта кездесіп, ядролық арсеналын шектеу бойынша ірі келісімге келу мәселесін талқылауы мүмкін. Бұл туралы Wall Street Journal (WSJ) газеті Құрама Штаттардың ресми өкілдеріне сілтеме жасап жазды.

Басылым мәліметіне қарағанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың қару-жарақты бақылау бойынша арнайы өкілі Маршалл Биллингсли мен Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Венада кездесуі мүмкін.

Онда 2021 жылдың ақпанында мерзімі аяқталатын "Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды азайту жөніндегі" (СНВ-3) екі ел арасындағы келісімді алмастыратын жаңа құжат дайындау жөнінде келісімге келу жайы сөз болады деп күтіледі.

Басылым мәліметінше, АҚШ жаңа келісімге Қытай да қосылуы керек деп есептейді. АҚШ тарапы Мәскеу Бейжіңді көндіреді деген үмітін жеткізген.

Мақалада Вашингтон келісімде барлық қару-жарақ, оның ішінде тактикалық және ұзақ мерзімге сақталатын қарулар жөнінде сөз болуын қалайды деп жазылған.

XS
SM
MD
LG