Ссылки доступа

Орыс-қазақ шекарасында бөгеліп қалған 500-ге жуық қырғыз азаматы Бішкекке жол тартты


Қырғызстан орыс-қазақ шекарасында, Ресейдің Орынбор облысының Бузулук ауданында бөгеліп қалған азаматтардың бәрін алып шықты. 22 мамырда Орынбор қаласынан тоғыз автобуспен 448 адам Қазақстан арқылы жолға шыққанын Ресейдегі Қырғызстан елшілігі хабарлады.

Елшілік таратқан ақпаратқа қарағанда, қазақ тарабы олардың бәрінің денсаулығын тексеріп, тиісті анықтама жазып берген. Қырғыз азаматтары мінген 9 автобусты Қазақстанның жол полициясы өкілдері Бішкекке дейін алып жүреді.

Айта кету керек, орыс-қазақ шекарасы әлі жабық.

541 қырғыз азаматын 7 мамырда автобуспен алып кеткен. Медициналық тексеруден кейін жүзден астамынан коронавирус табылған.

XS
SM
MD
LG