Ссылки доступа

Қырғызстан: прокурор блогер Сыдыманға алты жыл түрме жазасын сұрады


Элмирбек Сыдыманов со своей мамой Махаббат Молдомусаевой.
Элмирбек Сыдыманов со своей мамой Махаббат Молдомусаевой.

2 маусымда Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты блогер Элмирбек Сыдымановтың ісін қарады.

Адвокат Али Магаевтың Азаттыкқа хабарлауынша, прокурор соттан блогерді алты жыл түрмеге қамауын сұраған.

"Сот лингвистикалық сараптама тағайындау туралы біздің өтінішімізді қабылдамады. Сыдымановты блогерлер мен хейтерлер арандатқан, оның туыстарына қатысты жаман сөздер айтқан. Содан кейін ғана Сыдыманов оларға жауап берген. Ол аймақаралық араздыққа шақырған жоқ", - деді адвокат.

Оның айтуынша, келесі сот отырысы 5 маусымда өтеді.

Элмирбек Сыдыманов 17 ақпанда аймақаралық араздыққа шақырды деген күдікпен ұсталды. Сот оны екі ай абақтыда қамауда ұстауға рұқсат берді. 28 ақпанда Бішкек қалалық шешімімен блогер үйқамаққа алынды.

Блогердің үстінен іс қозғалуына оның "Инстаграм" эфирінде айтқан сөздері түрткі болған.

XS
SM
MD
LG