Ссылки доступа

Ресейдің қорғаныс министрлігі COVID-19 вакцинасын адамдарға сынайды


Ресейдің қорғаныс министрлігі әскер қызметкерлері арасынан COVID-19 вирусы вакцинасын сынау үшін 50 еріктіні таңдап алды.

Вакцинаны Ресей қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты дайындаған. Еріктілердің алғашқы тобы институтқа 3 маусымда келеді.

Қорғаныс министрлігі коронавирус вакцинасын дайындап жатқаны туралы алғаш рет сәуірдің басында хабарланған. Министр Сергей Шойгу президентке вакцинаның клиникалық сынаққа дейінгі зерттеуі 1 маусымға таман аяқталатынын айтқан. Клиникалық сынақ шілденің аяғында аяқталады деп жоспарланған.

22 мамырда Ресей ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург орталық қызметкерлері SARS-CoV-2 коронавирусының вакцинасын қабылдағанын хабарлады. "Барлығы тірі, дені сау, қуанып жүр" деген Гинцбург.

XS
SM
MD
LG