Ссылки доступа

Ең қымбат палау Ташкентте, арзаны – Наманганда


Өзбекстанның мемлекеттік статистикалық комитеті мамыр айындағы "палау индексі" туралы мәліметтерді жариялады. Ең қымбат палау Ташкентте. Бір кісілік тамақ 17 750 сум (1,75 доллар), ал бір келісі 124 250 сум (12,26 доллар) тұрады.

Ең арзан палау Наманганда екен, бір табағы 11 571 сум (1,14 доллар) болса, бір келісі - 80 997 сум (8 доллар).

Одан кейінгі арзан палау Қарақалпақ пен Навои облыстарында.

Бұл тек қоғамдық тамақтану орындары бойынша жүргізілген көрсеткіш. Ал мейрамхана мен кафе бағалары есепке алынбаған.

Өзбекстан биыл бірінші рет қаңтар айынан бері "Палау индексін" енгізді. Еуропа елдерінде "Биг Мак индекс", Ресейде "Оливье индексі" бар.

XS
SM
MD
LG