Ссылки доступа

Қырғызстан Канттағы әскери базаны жалға беру құнын жылына 4,7 млн долларға өсіреді


Қырғызстан парламенті Канттағы Ресей жалға алып отырған әскери базаның құнын көтеру мәселесін қарайды.

Ресей осы уақытқа дейін 866,2 гектар қырғыз жері үшін жылына 4,5 млн доллар төлеп келген. Тексеру барысында ресейлік әскерилердің келісімде көрсетілгеннен 100 гектар жерді артық пайдаланып отырғаны анықталған.

Жаңа келісімге қол қойылғаннан кейін жерді жалға беру құны жылына 4,7 млн долларға дейін көтеріледі.

Қырғыз мамандары ұшып-қону жолдарын қайта жөндеуге кемінде 2 млрд рубль (29 млн доллар) кетеді, ол шығынның бәрін Ресей көтереді деп отыр.

Ресей қорғаныс министрлігі болса, "жерге меншік құқығы берілмей жөндеу жұмыстарына ақша бөлінбейді" деп жауап берді.

"Ұшып-қону жолдарын пайдалану жөніндегі келісім тоқтатылғаннан кейін, ол қырғыз тарапына өтеді. Қырғызстаның Жер кодексі туралы және жер учаскелерін беру жөніндегі келісімге сәйкес, әскери базаны Ресейдің меншігіне беру мүмкін емес", – деп атап өтті қырғыз тарапы.

Ресейдің әскери базасы Қырғызстанда 2000 жылдан бері бар.

XS
SM
MD
LG