Ссылки доступа

Қырғызстанда 5 маусымда ішкі әуе рейстеріне рұқсат береді


Қырғызстанда 5 маусымда ішкі әуе рейстеріне, аймақаралық жолаушы тасымалына рұқсат береді.

Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов қоғамдық көліктерді тазалық талаптары орындалуы тиіс екенін қатаң ескертті.

"Автобустар мен таксилер қауіпсіз болуы тиіс. Олар тазалық талаптарын қатаң сақтауы керек", - деді Боранов.

Қырғызстанда тұрақты әуе рейстері наурыздың ортасында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтады. 22 наурызда елде төтенше жағдай жарияланды.

1 мамырда үкімет шектеу шараларын біртіндеп жұмсарта бастады.

XS
SM
MD
LG