Ссылки доступа

Душанбеде шектеу шараларының мерзімі ұзарды (видео)


Тәжікстан билігі астанада коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған шектеу шараларын жұмсартуға асығар емес. Душанбеде базарлар, сән салондары, шаштараздар, мобильді телефон дүкендері ашылған жоқ.

Тәжікстан астанасындағы шектеу шаралары кем дегенде 15 маусымға дейін созылады.

Дегенмен республикадағы бірқатар аймақ коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған шектеу талаптарын жұмсарта бастады. Мысалы, Худжанд билігі маусым айының басында бірқатар мейрамханаға жұмыс істеуге рұқсат берді. Шашлык пісіруші Әминнің айтуынша, қазір олар шашлыкты тапсырыспен ғана пісіріп жатыр. "Шашлык дайын болғанда адамдар келіп, оны алып кетеді. Мұндай отырып жеуге болмайды", - дейді ол.

Тәжікстан билігі 1 маусымда "елде коронавирус індетінің беті қайта бастағанын" мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, республикада 4100 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG