Ссылки доступа

Қырғызстанның Жоғарғы соты экс-министр Молдомуса Конгантиевті ақтады


Moldomusa Kongantiev pushes the speech of candidate Sooronbai Jeenbekov. Presidential race. Kyrgyzstan.
Moldomusa Kongantiev pushes the speech of candidate Sooronbai Jeenbekov. Presidential race. Kyrgyzstan.

Жоғарғы сот ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Молдомуса Конгантиевті ақтау жөніндегі сот шешімін өзгертпеді. Шешім 3 маусымда қабылданды, деп хабарлады экс-министрдің адвокаты Икрамидин Айткулов.

Оның айтуынша, Жоғарғы сот Конгантиев әрекетінің қылмыс емес екенін мойындады. "Енді ол толығымен ақталады", - деді адвокат.

Милицияның генерал-лейтенанты Молдомуса Конгантиев 2008 жылдың қаңтары мен 2010 жылдың сәуірі аралығында ішкі істер министрлігін басқарды. 2010 жылы оның үстінен "қызмет бабын асыра пайдалану" айыбымен қылмыстық іс қозғалды.

2018 жылы жазда экс-министрге қатысты іс жабылды. Мұндай шешімге 2010 жылы сәуір оқиғасына қатысқандардың құрған ұйымы наразы болды. Ұйым белсенділері аудандық сот ғимараты алдында наразылық акциясын өткізді.

Президент Сооронбай Жээнбеков Бас прокуратураға істі тексер деп тапсырған. Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шешімін жойып, тергеуді қайта бастады.

2019 жылы 5 шілдеде 1-май аудандық соты Конгантиевті ақтап шықты. Бірақ сот шешімімен келіспеген мемлекеттік айыптаушы қалалық сотқа апелляциялық шағым түсірген.

Сол жылы желтоқсанда Бішкек қалалық соты аудандық соттың шешімін өзгертпеді. Содан кейін мемлекеттік айыптаушы Жоғарғы сотқа шағымданды.

XS
SM
MD
LG