Ссылки доступа

Тоқаев Қазақстанда "орыс диаспорасы" деген тіркесті айтуға тыйым салды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда "Комсомольская правда" газетіне берген сұқбатында идеологтар мен сарапшыларға "орыс диаспорасы" деген тіркесті қолданбасын деп ескертті.

Тоқаев сөзінде барлық қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан өздерін біріңғай ұлтпыз деп есептейді, елде "ұлттық азшылық" деген түсінік жоқ екенін айтқан.

"Жақында шетелдік сараптама материалынан "Қазақстандағы орыс диаспорасы" деген тіркесті көріп қалдым. Мен біздің идеологтар мен сарапшыларға мұндай тіркесті қолданбауды ескерттім. Орыстар – бұл біздің халықтың бір бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуына және дамуына еңбегі орасан, ол ұмытылмайды", – деді ол.

Тоқаев көптеген орыс есімдер қазақ тарихында "алтын әріптермен" жазылғанын атап өтті.

Қазақстан халқының саны 18,6 млн адам. Оның 3,5 миллионын орыстар құрайды, бұл халықтың 19 проценті. Соңғы жылдары этникалық орыстардың Қазақстаннан Ресейге көшу үрдісі кең байқалады. Сарапшылар мұның себебін экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлармен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG