Ссылки доступа

Экс-судья: Қырғызстанның арнайы қызметі тергеуді басқа жаққа бұрып әкетуге тырысып жатыр


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік қызметі (ҰҚМҚ) Азаттық журналистері зерттеп шыққан шенеуніктердің заңсыз жолмен ақшаны шетелге шығару жөніндегі материалдан нәтиже шығарудың орнына, істі басқа жаққа бұрып, журналистердің өздерін кінәлі еткісі келіп жатыр.

Мұндай пікірді Конституциялық соттың бұрынғы судьясы Клара Сооронкулова Азаттықтың қырғыз қызметінің "Ыңғайсыз сұрақтар" бағдарламасына келіп айтты.

"Егер ҰҚМҚ өздерінің алдына қойылған істі – зерттеуде айтылған заңсыз, коррупциялық істердің жоқ екенін анықтап, ол туралы мәліметтерді теріске шығарып, журналисті кінәлі етіп шығарса, бәрі түсінікті болмақ" деді ол.

Сооронкулова арнайы қызмет "Заңсыз баю" бабымен қылмыстық іс қозғалып, зерттеуде аттары аталған адамдардың байлығын тексеруі тиіс деп есептейді.

2 маусымда қытай азаматы Айеркен Саймаитидің Қырғызстанның кеден саласындағы шенеуніктердің коррупциялық әрекеті туралы Азаттыққа айтқан мәліметтерін тексеру үшін Жогорку Кеңеште құрылған комиссияның отырысы өткен. Онда ҰҚМҚ-ның тергеу басқармасының басшысы Самидин уулу Сагынбек "Қытай азаматы Айеркен Саймаити Азаттық журналистеріне қаржылай ақша бергенін айтқан. "Айеркен Саймаитидің Азаттық журналистеріне ақша бергенін өзінен түсінгенбіз" деген екі куәгердің видеосын көрсеткен. Арнайы қызметтің бұл әрекетін Жогорку Кеңештің бірқатар депутаттары, азаматтық белсенділер айыптап шықты.

"Азат Еуропа / Азаттық радиосы" медиакорпорациясының президенті Джейми Флай мәлімдемедегі әлгіндей айыптауды "байлығы мен билігін сақтап қалғысы келетін жемқорлардың" журналистерден "кек қайтару" қарекеті деп атады.

XS
SM
MD
LG