Ссылки доступа

Ұлыбритания Гонконгтың үш миллионға дейін тұрғынын қабылдауға дайын


Егер Қытай Гонконгқа қысым жасауды жалғастыра берсе, Ұлыбритания мегаполистің үш миллион тұрғынын қабылдауға дайын. Бұл туралы Times газетіне британ премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді.

Борис Джонсон королдіктің арнайы төлқұжатын алуға құқығы бар барлық тұрғындар үшін жол ашуға уәде берді. Бұл құжатқа қазір 350 гонконгтық ие. Ол тағы 2,6 миллион адам британ колониясының бұрынғы тұрғындары ретінде ала алатынын айтты. Қазір мұндай төлқұжат Британияда жұмыс істеуге және азаматтық алуға құқық бермейді. Бірақ премьер-министр королдік виза жүйесіне өзгерістер енгізуге дайын екенін жеткізді.

Гонконгты 1842 жылы басып алған Британия 1997 жылға дейін басқарып келді. Әзірге Қытайға қайтару үшін Гонконгтың ерекше құқықтары бар, демократияға және еркіндікке кепілдік берілген арнайы аймақ мәртебесін сақтауды талап етіп отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының келісіміне сәйкес, Бейжіңнің Гонконгтың ішкі саясатына, оның ішінде сот шешімдеріне араласуына құқығы жоқ.

Былтыр жаздан бері қылмысқа күдікті азаматтарды Қытайға өткеріп беруге жол ашатын заң жобасына наразы мыңдаған адам көшеге шықты.

Халық қарсылығынан кейін құжат кері қайтарылғанымен, наразылық тоқтамады.

Коронавирус пандемиясы басталғанға дейін жергілікті тұрғындар автономия басшысы Кэрри Лэмнің қызметінен кетуін және акция кезінде ұсталғандарды шығаруды талап етті.

Наразылық шаралары мамыр айында пандемияға қарамастан, қайта қарқын алды.

XS
SM
MD
LG