Ссылки доступа

Қырғызстан 15 маусымда халықаралық әуе рейстеріне рұқсат береді


Қырғызстан халықаралық әуе рейстерін 15 маусымда ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғызстан азаматтық авиация агенттігінің басшысы Курманбек Акышев хабарлады.

"Келіссөз жүріп жатыр. Әрбір әуе компаниясы күніне қаншай рейс жасай алатынын ұсынады", - деді Акышев.

Оның айтуынша, халықаралық рейстердің кестесі дайындалып жатыр. Аптасына 17-16 рейс, күніне 2-3 рейс жоспарланған.

Қырғызстанда ішкі әуе рейстері 5 маусымда ашылатыны белгілі болды. Бұған қоса жұма күні аймақаралық жолаушы тасымалы іске қосылады.

Қырғызстанда тұрақты әуе рейстері коронавирус пандемиясына байланысты наурыздың ортасында тоқтады. 22 наурызда елде төтенше жағдай жарияланды.

1 мамырда үкімет шектеу талаптарын біртіндеп жұмсарта бастады.

XS
SM
MD
LG