Ссылки доступа

Түркияда ісік ауруына шалдыққан түркімен әйел еліне қайтуды армандайды


Түркіменстан азаматы Гүлбахар Рейимова наурыздың соңында ауыр жағдайда түрік ауруханасына түсті.

Гүлбахардың сұхбаты фейсбуктегі қайырымдылық топтарының бірінде жарияланды. Рейимова бір жыл бұрын Түркіменстаннан Түркияға келген. Төрт ай асханада жұмыс істеген, бірақ оған айлық төлемеген.

Қайырымдылық тобының парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, Бахар Рейимова 1960 жылы Түркіменстанның Лебап уәлаятында дүниеге келген. Қазір ол Стамбулдағы ауруханалардың бірінде жатыр. Ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Бахардың еміне қаражат жиналып жатыр.

Түркияға келгенде дейін ол Түркіменстанның Фарап этрапындағы "Комсомолец" ауылында тұрған. Үш баланың анасы күйеуі мен ұлынан айрылған. Оның екі қызы бар. Бахардың қыздары анасы қайтыс болды деген хабар алған. Жанашыр жандар оны тауып алған соң, Бахар қыздарымен видеобайланыс арқылы сөйлесті.

Гүлбахар Түркіменстанға оралғысы келеді, Түркияда оның ешкімі жоқ екенін айтады. Қазір коронавирус пандемиясына байланысты екі ел арасында әуе қатынасы тоқтап тұр.

Түркіменстанның мыңдаған азаматы елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты шетелден жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Азатлык радиосы дереккөзінің мәліметі бойынша, 10 жылдан бері Түркіменстаннан шамамен 2 миллион адам шетелге кеткен.

XS
SM
MD
LG