Ссылки доступа

Тәжікстанда медиа-омбудсмендер жұмыс істей бастады


Тәжікстанда медиа-омбудсмен институты құрылды. Олар оқиғаның бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы сипатталуын, сонымен бірге журналист этикасының сақталуын қадағалайды.

Медиа-омбудсмен институты Тәжікстандағы Internews Network халықаралық ұйымының қолдауымен құрылды. Тәжікстанның тәуелсіз ақпарат құралдары ұлттық қауымдастығының төрағасы Нуриддин Каршибоевтің айтуынша, қазір медиа-омбудсмендер жергілікті алты ақпарат құралында жұмыс істеп жүр.

Олар Internews Network пен ЕҚЫҰ-ның арнайы дәрістеріне қатысқан.

"Журналист әділдігі" қорының биыл сәуір айында хабарлауынша, Тәжікстанда екі жылда БАҚ қызметкерлері мен редакцияларына 81 мәрте шабуыл/қоқан-лоқы жасалған.

XS
SM
MD
LG