Ссылки доступа

Қытайда балабақшада шабуылдан ондаған бала жараланды


4 маусымда Қытайдың оңтүстігінде балабақшадағы шабуылдан кемінде 39 адам жараланды деп хабарлайды жергілікті мемлекеттік БАҚ.

Гуанси-Чжуан автономдық ауданы билігінің хабарлауынша, 37 бала мен екі ересек адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Жараланғандардың дені — 6 жасқа дейінгі балалар. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, балабақшаның күзетшісі 50 жастағы Ли есімді адам күдікті ретінде ұсталған.

Шабуыл себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды қытайлық БАҚ.

CCTV мемлекеттік телеканалы 40 адамның жараланғанын хабарлады. Олардың ішінде үшеуінің — балабақша директоры, тағы бір күзетші және тәрбиеленушінің жағдайы өте ауыр.

Әлеуметтік желіде тараған видеода денелерін бинтпен байлаған, ғимараттан шығып бара жатқан балалар байқалады. Бұл Қытайда мектеп жасына дейінгі мекемеге жасалған бірінші шабуыл емес.

XS
SM
MD
LG