Ссылки доступа

Тәжікстан мектептерінде бітіру емтиханы болмайтын болды


Коронавирус пандемиясына байланысты Тәжікстан мектептерінде бітіру емтиханы болмайды. Мұндай шешімді COVID-19 вирусының таралуын алдын алу жөніндегі республикалық штаб қабылдады.

Республикалық штаб шешімінше, 9- және 11- сынып оқушыларына аттестацияны емтихансыз, жыл бойында алған бағасының нәтижесі бойынша беріледі.

Бірақ алтын және күміс медалға үміткерлерге қойылатын талап бұрынғыдай дейді елдің білім министрінің баспасөз хатшысы Суннатулло Имомов.

Мектепті алтын және күміс медалмен бітіргендер жоғары оқу орнына жеңілдікпен түсе алады.

Тәжікстанда оқушылар үшін жазғы демалыс 16 тамызға дейін.

2020 жылы орта мектепті 123 мың түлек бітіріп шығады. Ал 9-сыныпты 162 мың оқушы аяқтайды.

Жоғары оқу орнына түсушілерге мемлекеттік емтихан 1 шілде мен 7 шілде аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG