Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі өзбек-қырғыз шекарасындағы жанжалды дер кезінде басты деп Ферғана облысы басшысына алғыс айтты


3 маусымда Ферғана облысының Сох ауданында халық депутаттары кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға қатысқан Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Ферғана облысы әкімі Шухрат Ганиевтің еңбегін жоғары бағалады.

Сох ауданы әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр төмендегідей пікір айтқан:

«Бірнеше күн бұрын шекарада болған жағдай өте ыңғайсыз болды. Бұл көп мәселені қайта қарауға мүмкіндік берді. Президент тапсырмасымен мен бұл ауылға келдім. Ең бірінші облыс әкімі Шухрат Ганиев пен өзге басшылар жағдайды ушықтыруға жол бермеді. Бейбітшілікті бағалау бұл - үлкен бақыт».

31 мамырда қырғыз-өзбек шекарасында екі елдің тұрғындары ортақ пайдаланатын Чашма бұлағы үшін талас болып, соңы жанжалға ұласқан. Екі тараптың тұрғындары да жараланған.

Осының алдында ғана Өзбекстанның Ферғана облысы әкімінің жанжал шыққан ауылға барып, "Сох ауылын картадан сызып тастаймын, ал сендер көмексіз қаласыңдар" деп халыққа сөйлеген сөздері әлеуметтік желіге кең тарап кеткен.

XS
SM
MD
LG