Ссылки доступа

Прокурор Қырғызстанның экс-премьер-министрі Сапар Исаковқа 20 жыл түрме жазасын сұрады


Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Тарихи музейді қайта жөндеуде және Шолпан Ата қаласындағы ипподром құрылысын жүргізуде заңсыздықтар орын алғаны жөніндегі істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы экс-премьер-министрге 20 жыл түрме жазасын сұрады.

Прокурор оған 247 млн сом (3,3 млн доллар) айыппұл салып және 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қырғызстан бас прокуратурасының мәліметінше, Тарихи музейді қайта жөндеу кезінде бюджетке 101,6 млн сом (1,3 млн доллар) шығын келген. Ал Шолпан атада ат бәйгесі стадионын салу кезінде корруцпия орын алған дейді.

2019 жылдың желтоқсан айында Бішкектегі жылу электр станциясын модернизациялау кезінде заң бұзушылықтар орын алды деген айыппен бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков 15 жыл түрмеге кесілген.

XS
SM
MD
LG