Ссылки доступа

Тәжік билігі халықаралық әуе рейстері ашылды дегенді жоққа шығарды


Тәжікстан билігі халықаралық әуе рейстері ашылды деген мәліметті жоққа шығарды. Тәжікстан 20 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық әуе рейстерін тоқтатты.

Азаматтық авиация агенттігінің мәлімдеуінше, халықаралық рейстер елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай дұрысталғанда ғана ашылады. Бұл туралы билік ресми мәлімдеме таратады.

Бұның алдында "Азия-Плюс" ақпарат агенттігі Ресейдің әуе компаниялары Мәскеу-Душанбе және Мәскеу-Худжанд рейстеріне билет сата бастағанын хабарлаған. Олар Душанбеге ұшақ билетін 30 маусымнан сатып жатыр.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы ашылатынын естіген еңбек мигранттары қуанып қалды. Дегенмен тәжік билігі азаматтардан ұшақ билеттерін сатып алуға асықпауын сұрап отыр.

20 наурызда Тәжікстан халықаралық әуе қатынасын тоқтатты. Тәжікстанның жүздеген азаматы Ресейдің және басқа да елдердің әуежайларында қалып қойды.

XS
SM
MD
LG