Ссылки доступа

Өзбекстанда мешіттер 8 маусымда ашылады


8 маусымда Өзбекстанда мешіттер "жасыл аймақта" - санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы дұрыс елді мекендерде ғана ашылады.

Бұның алдында республиканың арнайы комиссиясы мешіттер мен басқа да діни ұйымдар "жасыл аймақта" 5 маусымда ашылатынын хабарлаған еді.

Комиссияның қайта таратқан мәлімдемесінде 5-8 маусымда діни ұйымдар мешіттер мен шіркеулерді тазалауы керектігі айтылды. Діни мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сайы болуы тиіс.

Арнайы комиссия мұндай орындарда діни ғұрып жасайтындардың арасы кем дегенде 1,5-2 метр болуы тиіс деп ескертті.

XS
SM
MD
LG