Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар Ақ үйді шеруге қатысушы құқығын бұзды деп айыптады


Американың азаматтар еркіндігі одағы (ACLU) бейсенбі күні Дональд Трап әкімшілігінің үстінен шағым түсірді. Беделді құқық қорғаушы ұйым Ақ үй америкалықтардың жиын өткізу құқығын бұзды деп есептейді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

ACLU өкілдерінің мәлімдеуінше, полиция Ақ үй маңындағы Лайфайет алаңына бейбіт шеруге жиналғандарды заңсыз таратты. Президент Дональд Трамп осы алаң арқылы шіркеуге өтуі керек болған.

Ұйым шағымында президент Трамп, бас прокурор Барр және басқа да лауазым иелері шеруге қатысушылардың құқығын бұзу мақсатын көздейді делінген.

1 маусымда болған оқиға баспасөздың сынына ұшырады. Президент Трамп шіркеу алдында суретке түскен. Бұл шіркеуді бір күн бұрын наразы топ өртеп жіберген. Сыншылар президенттің бұл әрекетін саяси жарнама деп есептейді. Бас прокурор Барр Ақ үй маңындағы бұл алаң шеру өткізушілерден тазаруы тиіс деп мәлімдеді.

46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойдтың қайғылы қазасынан соң Құрама Штаттарда расизмге қарсы наразылық акциялары басталды. Президент наразылықты басу үшін әскер енгізуі мүмкін екенін ескертті. Трамптың бұл мәлімдемесі көпшіліктің сынына ұшырады.

XS
SM
MD
LG