Ссылки доступа

Facebook мемлекет бақылауындағы БАҚ хабарларына белгі қойды


Facebook әлеуметтік желісі мемлекет бақылауындағы БАҚ-тың жазбалары мен топтарына белгі қойып жатыр. Олардың жарнамасына да белгі қойылады, деп хабарлады компания.

Ресейдің RT мемлекеттік телеарнасының, Қытайдың CCTV телеарнасының және "Синьхуа" агенттігінің парақшаларында осындай белгі пайда болды. Бұған қоса, Қытай компартиясының "Женьминь жибао" газетінің әлеуметтік желідегі парақшасына да "мемлекет бақылауындағы БАҚ" дегенді білдіретін белгі қойылған.

Жыл соңында, АҚШ президентін сайлау жағындағанда, мұндай басылымдарға жарнама жариялауға тыйым салынады. Facebook компаниясының хабарлауынша, желінің мұндай шешімімен келіспегендер шағымдана алады.

XS
SM
MD
LG