Ссылки доступа

Түркіменстанда мүгедектікке шығару жұмысы қиындап кетті


Turkmenistan. Disabled man near the "Teke" market. Cars. Ashgabat. July 7, 2015.
Turkmenistan. Disabled man near the "Teke" market. Cars. Ashgabat. July 7, 2015.

Түркіменстанның Лабап уәлаятының дәрігерлер комиссиясына мүгедектікке шығатын науқастарды тіркеуді азайту туралы ауызша бұйрық түскен.

"Лебап уәлаятындағы ауруханалардың дәрігерлер комиссиясы мүгедектікке шығатын науқастарды тіркеуді азайтуы тиіс. Жоғарыдан ауызша бұрық түскен" деп хабарлады Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісі.

Мүгедектікке шығу үшін науқастар бес жыл бойы жарты жыл сайын ем қабылдауы керек. Содан кейін ғана ол мүгедектікке шығып, мемлекеттің жәрдемақысын алады.

"Енді мүгедектікке шығу үшін бес жыл емес, он жыл бойы тексерілу керек болады. Комиссия содан кейін ғана науқасты мүгедектікке шығарады" дейді Лебап уәлаятындағы бір аурухананың дәрігері.

2020 жылы 1 қаңтарда Түркіменстанда мемлекеттік жәрдемақының төменгі шегі 322 манат ($91) деп белгіленді.

XS
SM
MD
LG