Ссылки доступа

Қырғызстанда белгісіз біреулер "3 арна" кеңсесіне от қойған


7 маусым күні таңертең Қырғызстанның солтүстік-шығысында орналасқан Талас қаласында белгісіз біреулер "3 арна" кеңсесіне от қойып кеткен. Талас ішкі істер басқармасы бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

Арна жетекшісі Жаннат Токтосунова кеңсені әдейі өртеген деп санайды, ондағы барлық техника жанып кеткен.

"Менің ойымша, мұны әдейі жасаған сияқты. Белгісіз біреулер терезені сындырып, жанғыш заты бар бөтелке лақтырған. Оқиғаның немен байланысты екенін білмеймін. Бірақ мұны журналистерді қорқыту үшін әдейі жасалған деп білеміз. Осыған дейін әлдекімдер телеарнаны жабуға әрекет етті" деді ол.

Жаннат Токтосунованың сөзінше, эфирге шығуды қамтамасыз ететін барлық техника түгелімен жанып кеткен. Шығын көлемі шамамен 10-15 мың доллар дейді ол.

"Саяси репрессияларға қарсылық" комитетінің басшысы, белсенді Әділ Турдукулов бұл оқиғаны тәуелсіз медиаға қысым деп бағалайды.

"Осыған дейін де журналистерге, азаматтық белсенділерге жасалған шабуылды ішкі істер министрлігі қатардағы оқиға ретінде атап келді. Бірақ алда сайлау боларда, елде саяси жағдай ушығып кетеді. "3 арна" кеңсесін өртеп кетуі, оппозициялық БАҚ-қа қарсы қысым деп білемін", - деп атап өтті Турдукулов.

"3 арна" жекеменшік каналы Талас облысында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

XS
SM
MD
LG