Ссылки доступа

Тәжікстанда базарлар ашылады, маска тағу міндетті


Тәжікстанда коронавирустың таралуына қарсы күрес республикалық штабы 15 маусымнан бастап базарларды, киім дүкендерін, мейрамхана мен қонақ үйлерді және сұлулық салондарын біртіндеп ашу жөнінде шешім қабылдады.

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Тәжікстандағы өкілі елде пандемияның өршуі әлі басылған жоқ деп есептейді. Ол COVID-19 вирусының кең таралуының екінші толқыны басталып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Республикалық штаб халық қоғамдық орындарда медициналық маска міндетті түрде тағып жүруі керек деген талап қойды. Тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынатыны ескертіліп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Тәжікстанда вирус жұқтырғандар саны 4529 адамға жеткен.

Соңғы тәулікте вирус 76 адамға жұққан. 2673 науқас сауығып, 48 адам қайтыс болған. Бірақ ресми емес мәлімет бойынша, 420 адам көз жұмған. Билік мұны теріске шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG