Ссылки доступа

Вашингтонда, Лондонда, Берлинде мыңдаған адам митингке шықты


Вашингтон мен АҚШ-тың өзге қалаларында полиция бассыздығына, нәсілшілдікке қарсы және сот әділдігін талап етушілердің наразылық акциялары жалғасып жатыр. Еуропа елдерінде де дәл осындай қарсылық шаралары өтті.

Вашингтон мэрі Мюриэль Баузер ел президенті Дональд Трампты наразылық білдірушілерге тым қатегіздік танытып отыр деп сынады. Ақ үйге барар жолдағы көшеде "Қара нәсілділер де өмір сүруге құқылы" деген жазу ілулі тұр.

6 маусым күні Германия астанасы Берлинде және Франкфурт-на-Майне, Мюнхен, Гамбург, Бонн қалаларында 57 мыңға жуық адамның қатысуымен "үнсіз демонстрациялар" өтті.

Лондонда наразылық шарасы парламент алаңында өтті. Жиналғандар алдымен тізерлеп отырып, Джордж Флойдты еске алды, одан кейін оның атын атап, құрмет көрсетті.

Австралияның Брисбен, Мельбурн және Сидней қалаларында да мыңдаған адам көшеге шығып, 25 мамырда Миннеаполисте полиция қолынан қайтыс болған афроамерикалық Джордж Флойдты еске алып, құқық қорғау органдары әрекетіне наразылық білдірді.

Брисбенде полиция митингке шыққандарға маска мен дезинфекциялау құралдарын таратты. Онда көшеге шыққандар саны 10 мыңға жеткен.

XS
SM
MD
LG