Ссылки доступа

Ашғабадта полиция әйел жүргізушілердің ізіне әлі түсіп жатыр


Түркіменстанда әйелдер құпия шектеу салдарынан жеке көлік жүргізуден бас тартуға мәжбүр болып жатыр.

Ашғабадтағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция өкілдері әлі әйел жүргізушілердің ізіне түсіп, оларға себепсіз айыппұл салып, жүргізу куәлігін тартып алуын жалғастырып жатыр.

"Бұл Түркіменстан бойынша берілген ауызша түрдегі құпия бұйрық. Көлік айдаған әйелдерді тоқтатып, түрлі себептермен оларға айып тағады", - дейді тілші.

Соңғы жылдары Түркіменстанда әйел адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынғаны көп айтылады.

Бірақ Түркіменстан заңдарында әйелдер мен ерлердің тең құқығына кепілдік берілген.

XS
SM
MD
LG