Ссылки доступа

Тәжікстанда Рогун ГЭС құрылыс алаңында жер опырылып, екі адам тірідей түсіп кеткен


Тәжікстанның Рогунской ГЭС құрылыс алаңында экскаватор жүргізушісі болып істеген 60 жастағы Бахтиёр Файзовтың туыстары биліктен оны жерлеу үшін денесін табуға көмектесуін сұрайды.

Туыстарының сөздерінше, бір апта бұрын Бахтиёр Файзов және құрылыста жұмыс істеген тағы бір жұмысшы опырылған шұңқырға тірідей түсіп кеткен.

"Бірнеше күн өткеннен кейін өз күшімізбен оның денесін іздеуге көштік. Бастапқыда бізді құрылыс алаңына жібермеді. Бірақ өтініп сұрағаннан кейін қауіпсіздік қызметкерлерімен бірге оқиға орнына бардық. Куәгерлердің айтуынша, олар 60 метрге дейінгі тереңдікке түсіп кеткен",- дейді марқұмның туысы Амрихудо Амрихудоев.

Табиғат апаты болған жерді экскаватормен қазған. Бірақ олардың денесі табылмаған.

Екінші қайтыс болған адамның аты-жөні белгісіз. Тек оның жасы 33-те болған.

Бұл Рогун гидро электр станциясы құрылыс алаңында болған бірінші апатты оқиға емес. Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы нысанда алты адам қайтыс болып, жетеуі жарақат алған.

XS
SM
MD
LG