Ссылки доступа

Апат болған Сардоба су қоймасы маңындағы ауылдарда құрғақшылық басталды


Sardoba, Syrdarya, Uzbekistan
Sardoba, Syrdarya, Uzbekistan

Өзбекстанда апат болған Сардоба су қоймасы маңындағы аумақта құрғақшылық басталды.

Жергілікті фермерлердің айтуынша, су қоймасына тәуелді болып келген аймақтың жағдайы өте ауыр. Құрғақшылықтан егін шаруашылығы мен малдар зардап шегіп жатыр.

Ферғана және Әндіжаннан Сырдарияға барған диқандардың дені кері үйіне қайтып жатқан көрінеді. Себебі, егін шаруашылығы жарамсыз болып қалған.

Өзбекстан су шаруашылығы министрлігінің өкілі құрғақшылық бар екенін растады. Бірақ жағдай соншалықты қауіпті емес дейді.

"Былтыр Сырдарияда су проблемасы болмаған. Тек биыл апатты жағдай орын алғаннан кейін тұрғындар судан қиналып жатыр. Қоймаға жиналған 40 миллион текше метр су ағып кетті", – деді аталған министрлік өкілі.

Оңтүстік-Мырзашөл каналы аумағында салынған Сардоба су қоймасы 2018 жылдың мамыр айында қолданысқа берілген. Ол су ресурстары жетіспейтін аудандарды сумен қамтамасыз етуге арналған.

1 мамырда Сардоба су қоймасы жарылып, маңындағы ауыл-аймақтың бәрін су алды. Апаттан Қазақстанның оңтүстік аймағы да зардап шекті.

XS
SM
MD
LG