Ссылки доступа

Ташкентте "Дустлик-Куйлюк" метро желісі ашылды (видео)


Өзбекстан астанасында "Дустлик-Куйлюк" метро желісі құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Ташкент қаласы әкімшілігінің хабарлауынша, жаңа бағыттың ұзындығы - 11 шақырым, мұнда жеті станция бар.

Станциялар ұлттық сәулет нағыштарымен салынған. Жаға бағытта заманауи вагондар жолаушы тасиды.

Жаңа метро желісінің аз уақытта салынып бітуі мамандардың сынына ұшырады.

"Узбекистон темир йуллари" 3 ақпанда "Дустлик-Куйлюк" желісіндегі алты станцияның құрылысы аяқталғанын хабарлады.

Сол күні журналистер құрылыстың сапасыздығын дәлелдейтін суреттер жариялады.

"Боштранслойиха" компаниясының инженері темірбетонды конструкциялар қауіпті дегенді жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG