Ссылки доступа

Тәжік-қытай тау-кен компаниясында 20-дан астам жұмысшы коронавирус жұқтырған


"Тәжік-қытай тау-кен компаниясында" жиырмадан астам жұмысшы коронавирус жұқтырған, деп хабарлады Қытайдың "Шығыс жазығы" ресми веб-сайты. Компания Худжанд қаласынан 90 шақырымда орналасқан. Сайт мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырғандарың 17-і - қытай азаматы.

Вирус жұқтырғандар арасында компания бас директорының орынбасары да бар, дегенмен билік бұл мәліметті растамады, жоққа да шығармады. Қытай жұмысшыларының айтуынша, аспаздың бірі вирус жұқтырған, сол себепті асхана жабық тұр.

Сайт мәліметі бойынша, тәжік-қытай бірлескен компаниясының жұмысшылары тест нәтижесін күтіп отыр. Компанияда 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың 1100-і Қытайдан келген.

24 мамырда Душанбеге арнайы рейспен Қытай вирусологтары келді. Олар тәжік-қытай компаниясындағы қытай жұмысшыларын тексерген.

Бұның алдында, 20 мамырда, арнайы жасақ компанияда бүлік шығарған қытай жұмысшыларын күшпен таратқан. Қытай жұмысшылары ауру жұқтырғандарды Қытайға қайтаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG