Ссылки доступа

Грекия карантин талаптарын жұмсартып, туристердің келуін күтіп отыр


Грекия коронавирус эпидемиясына байланысты жарияланған карантин талаптарын жексенбі күні жұмсартты. 15 маусымда Грекияға 29 елдің азаматтары демалуға келе алады. Бұл тізім мамырда жарияланған.

Тізімдегі 29 елдің арасында Орталық Азия мемлекеттері жоқ. Бірақ грек үкіметі коронавирус дерті тараған Қытай туристерін қабылдауға дайын.

Грекия - Еуропа одағы елдері арасында коронавирустан аса қатты зардап шекпеген мемлекеттердің бірі. Мұнда шамамен үш мыңға жуық адам коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Грекия үкіметі 1 шілдеде елге келуге рұқсат елдердің тізімін толықтыруды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG