Ссылки доступа

Қырғызстанда жоғары оқу орнына қабылдау онлайн жүреді


Қырғызстанда биыл жоғары оқу орнына қабылдау онлай форматта жүреді. Бұл туралы білім министрінің орынбасары Нурлан Омуров хабарлады.

"Білім министрлігі арнайы жүйе жасады. Абитуриенттер бұрын жоғары оқу орындарына барса, биыл құжатты қашықтан тапсыруға болады. Ол үшін талапкерлер өз талондарын сынақ платформасына тіркеуі тиіс", - деді министрдің орынбасары.

Омуровтың хабарлауынша, биыл тест тапсыру үш кезеңмен жүреді: 21-22 маусымда, 24-25 маусымда және 11-12 тамызда. Бұның алдында құжатты қашықтан тапсыру мүмкін емес деп хабарланған.

Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланған соң, елдегі мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

XS
SM
MD
LG