Ссылки доступа

Тәжікстандағы Куляб қаласының әкімі жемқорлық айыбы бойынша ұсталды


Бахром Иноятзода
Бахром Иноятзода

Тәжікстанның Хатлон облысы Куляб қаласының әкімі Бахром Иноятзода коррупция айыбы бойынша ұсталды деп хабарлайды елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті.

8 маусым күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Бахром Иноятзоданы қызметінен алған. Оның орнына Тұрсынзада қаласы әкімдігінің төрағасы болған Абдукодир Вализода тағайындалған.

"Ховар" дереккөзі бойынша, 27 мамырда Кулябтың экс-әкімінің жүргізушісі Хурсандали Хуррамов, ал 03 маусымда экс-әкім көмекшілерінің бірі Фируз Курбанов ұсталған.

Азаттықтың тәжік қызметінің дереккөзі хабарлағандай, экс-әкімнің жүргізушісі көлікте пара алып жатқан жерінен ұсталған. Мәліметке қарағанда, Куляб тұрғынынан ірі көлемде ақша алып, жер бөліп беруге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG