Ссылки доступа

Түркіменстан мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен медициналық тексеруден өтуді талап етіп жатыр


Түркіменстан сыртқы істер министрлігі коронавирустың таралуының алдын алу бойынша жиналыс өткізді. Оған дипломатиялық миссия, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен үкімет мүшелері және журналистер қатысқан.

Елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп келе жатқан түркімен билігі барлық бюджет мекемелерінің қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізу жөнінде шешім қабылдаған.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, медициналық мекемелерде тексерілуге барған адамар қарасы өте көп.

"Мемлекеттік мекеме басшылары барлық қызметкерлерінен жедел тексеруден өтуді талап етіп жатыр. Кері жағдайда жұмыстан қуыласыңдар деп ескерткен",- дейді тілші.

Тілшінің айтуынша, ерлер үшін медициналық тексерілу бағасы 100 манат (28,5 доллар), әйелдер үшін 140 манат (40 доллар) тұрады.

"Әйелдер үшін қымбаттау болады, себебі, олар қосымша гинекологқа қаралуы тиіс", - дейді тілші.

Әлемде жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан, Түркіменстан билігі COVID-19 вирусы елде жоқ деп келеді.

XS
SM
MD
LG