Ссылки доступа

Әндіжанда үйінің сүрілетініне қарсылық танытқан ер адам 15 тәулікке қамалды (видео)


Өзбекстанның Әндіжан облысы әкімшілік сотында мас күйінде бағдаршамның темір тіреуішінің басына шығып, облыс әкімінің келуін талап еткен ер адамның ісі қаралды.

Ер адам бұл әрекетке үйінің сүрілетіні жөнінде ескерту алғаннан кейін барған.

Оқиға 6 маусымда кешкісін болған. Ер адам мас күйінде бағдаршам үстіне шығып, әкімді шақырып, оның атына балағат сөздер айтып, өзіне қол жұмсаймын деген.

Бірақ құқық қорғау органдарының өкілдері ер адамды құтқарып қалған.

Әндіжан облыстық сотының шешіміне сәйкес, ер адамға 40 доллар көлемінде айыппұл салынып, 15 тәулікке қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG