Ссылки доступа

Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлері шекарадағы жағдайды талқылады


Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Чингиз Айдарбеков 8 маусымда телефон арқылы сөйлесіп, қырғыз-қазақ шекарасында кептеліп қалған көліктер мәселесін талқылаған.

Қырғызстанның дипломатиялық мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар шекарадағы "Ақ тілек - Қарасу және Чон-Капка -Айша бибі" өткізу бекеттеріндегі жағдайды реттеуге келіскен. Қырғызстан тарабы Қазақстанды ЕАЭҚ талаптарын орындауға шақырған.

4 маусымда Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай Еуразиялық одақ талаптарына қайшы келеді деп мәлімдеген. Қазақстан тарабының жіті тексеруі салдарынан, шекарада жүк көліктері кептеліп қалған.

XS
SM
MD
LG