Ссылки доступа

Тәжікстанның бас прокуратурасы Хуросонның 6 тұрғынына жаппай тәртіпсіздікке шақырды деп айып тақты


Тәжікстанның бас прокуратурасы Хаттон облысы Хуросон ауданында болған табиғат апатынан кейін, билік әрекетсіздігіне қарсы шыққан халық толқуына қатысты алты адамға қылмыстық іс қозғады.

17 мамырда ондаған адам Бохтар-Душанбе тас жолын жапқан. Олар биліктен қатты селден кейін қирап қалған үйлерін қайта тұрғызуға көмектесуін сұраған. Бірақ наразылық акциясы милиция күшімен басылды.

Осы оқиғадан кейін наразылық шарасын ұйымдастырды деп 6 адам ұсталған. Төртеуі қамауға алынған. Екеуін елден кетпеу жөнінде қолхат алып босатқан.

14 мамырда Хуросонда қатты сел жүріп, бір адам қайтыс болған. Ресми билік 10 үй бұзылды дейді. Бірақ жергілікті тұрғындар бұзылған үйлер саны әлдеқайда көп деп отыр. Қазір үйлері бұзылған отбасылар тігілген шатырда тұрып жатыр. 50-ден астам мал өлген.

XS
SM
MD
LG