Бірақ қоғамдық орындарда маска тағып жүру ережесі келесі жылдың ақпан айына дейін сақталуы мүмкін деген.
"Открытые медиа" дереккөзінің хабарлауынша, президент әкімшілігі шенеуніктерінің өтініші бойынша Сергей Собянин бұл қадамға барған. "Адамдарға дауыс беру алдында еркін тыныс алуы керек",- деген президент әкімшілігіндегі шенеунік.
Мәскеуде наурыз айынан бері карантин енгізілген.
Қазір Мәскеуде күніне шамамен 2 мың адамнан вирус анықталып жатыр. Эпидемия өршіп тұрған кезде күніне кемінде 5 мың адам коронавирус жұқтырған.